- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылған күніне орай тавриялық оқушылар С. Аманжолов атындағы ШҚМУ АӘД кафедрасының меңгерушісі, подполковник В. Сунцовпен кездесті, ол бұрын мотоатқыштар әскерінің офицері, бронетанктік техника мен автокөліктер эксплуатациясы жөніндегі инженер болған.
Кездесуге ШҚО ауған жауынгерлері одағының мүшесі Т. Кулиш те қатысты.
Мектеп мұражайының бір бұрышы ауған соғысына арналған. Іс-шара аясында қонақтар аталмыш мұражайда болды.
Кездесуге қатысушылар оқушылар қойған көптеген сауалдарға жауап берді.
Баспасөз қызметі