- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Педагогика, психология және мәдениет факультеті «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 3 курс студенттері оқытушыларын Ұстаздар күнімен құттықтады.
Ұстаздар мерекесіне орай «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 3 курс студенттері педагогикалық білім және менеджмент кафедрасының оқытушыларын құттықтады.
Студенттер мерекелік кеште өз өнерлерін ортаға салды.
Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де – бәрі бір адамға қарыздар. Ол, әрине, Ұстаз.
Бүгінгі күн құшақтары гүлге толсын,
Дендерінің саулығы мықты болсын,
Білімімен суарған шәкіріттерін
Төл мерекең, Ұстаздар, құтты болсын!
Педагогикалық білім және менеджмент кафедрасы