- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
ШҚМУ Жоғары колледжінде мектептегі іс-тәжірибе бойынша «Бастауыш білім беру» мамандығы 2 курс студенттерінің әдіскер бағдарламасы негізінде «Ұстаз – ұлы тұлға» қорытынды конференциясы өтті.
Бағдарламаның мақсаты – мектептегі оқу жұмысын жүргізу барысында студенттердің педагогикалық біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыру және жетілдіру.
Іс-шараға Жоғары колледж директоры Сәрсен Өтепов, оқу ісінің меңгерушісі Бибігүл Төлегенова, колледж ұстаздары қатысты. Студенттер өз сабақтарынан үзінді көрсетіп, әдіс-тәсілдерімен бөлісті.
Конференция соңында колледж ұстаздары студенттерге өз тілектерін айтып, еңбектеріне жеміс тіледі.
С. Оразбаева,
колледж оқытушысы