- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханада мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты жаңа кітабының салтанатты тұсаукесері болып өтті.
Кітаптің тұсаукесеріне тарих,филология және халықаралық қатынастар факультетінің докторантары, магистранттары және студенттері қатысып қайтты.
Туынды тарихи публицистика жанрында жазылған, қазақ және орыс тілдерінде басылған Елбасының бұл еңбегі еліміздің жаңа тарихы мен оның ертеңіне деген автордың көзқарасын танытады.
Сөз басында Президент: «Бұл кітап менің ұлы қолдаушым, кемел келешегіне өзінің қазақстандық жолымен қарыштаған жасампаз халқыма арналады» деп кітаптың мазмұнын айқындап береді.
Деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Калимолдина Ж.