Ғылым комитетіне қарасты Мемлекет тарихы институтының Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму тарихы бөлімі жетекшісі (Нұр-Сұлтан қ.), тарих ғылымдарының докторы, профессор Әлима Ауанасова С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ғылыми кітапханасының Сирек кітаптар қорында ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізді.
Ғалымның айтуынша сирек кітаптар мұрағатында ол «19-20 ғасырлардағы Семей облысының тарихы» кітабымен, 19-20 ғасырлардағы Түркістан тарихына байланысты материалдармен жұмыс істеген.
Әлима Ауанасова кітапхана қызметкерлеріне, оның ішінде Гүлназ Шәйкенге қажетті әдебиетті іздеуге көмектескендері үшін ерекше алғыс айтты.
Баспасөз қызметі