Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Мемлекеттік бағдарламалар аясында білім алған ШҚМУ түлектерінің жұмысқа орналасу үлесі – 100%

Түлектерді жұмысқа орналастырудағы маңызды бағыттардың бірі – мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша, оның ішінде «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» жобасы мен ауылдық квота бойынша оқуды бітіретін түлектерді жұмысқа жолдау.

2019-2020 оқу жылында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың  мемлекеттік білім грантына ие 79 студенті, ауыл квотасы бойынша оқып жатқан 18 студенті, сонымен қатар «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» жобасы бойынша оқуды аяқтайтын 152 студенті жұмыспен қамтылуы керек.

«Мәңгілік ел жастары – индустрияға» жобасы мен ауылдық квота аясында мемлекеттік білім гранты бойынша оқуды аяқтайтын түлектердің алдын ала жұмысқа орналасу үлесі 100%-ды құрады.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo