- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
31 мамыр күні ШҚМУ Жоғары колледжінде Өскемен қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік рәміздер – менің мақтанышым» атты студенттер арасында шығарма байқауы өтті.
Байқауға С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Жоғары колледжі, Қазақстан -Кәріс колледжі «Квансон», Өскемен медициналық колледжі, КММ «Құрылыс колледжі», Экономика және қаржы колледжінің студенттері қатысты. Жиыны 25 студент өз қабілетін сынап көрді.
Байқаудың мақсаты: студенттерді ұлтжандылыққа, өз елін, жерін, атамекенін сүюге тәрбиелеу, елі үшін мақтаныш сезімін бойларына ұялату. Әрбір студент өз жүректерінен шыққан жылы сөздері мен мақтаныш сезімдерін шығармада ашып жаза білді.Байқаудың нәтижесі 4-маусым күні жарияланады.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Жоғары колледж