Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Мен жастарға сенемін!» студенттік патриоттық форумы өтті

28 қарашада Тұңғыш Президент Күніне күніне арналған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ негізінде «Мен жастарға сенемін!» атты республикалық жастар студенттік патриоттық форумы өткізілді.

Форум – бесжылдық тарихы мен жеке дәстүрлері бар ауқымды патриоттық-жастар іс-шарасы. Көптеген жылдар бойы бүкіл Қазақстаннан келген жастар бірлікте және патриоттық идеямен біріктірілген бұл шараның қамқорлығымен бірге жиналды. Форумға Қазақстанның 70-тен астам жоғары оқу орындарының 500-ден астам жастары қатысты.

Форум бағдарламасы келесідей іс-шараларды қамтыды: «Еліміздің инновациялық дамуына менің қосқан нақты үлесім» атты студенттердің әлеуметтік маңызы бар инновациялық жобаларының байқауы, «Мен елімнің гүлденуі үшін не істей аламын?» атты тақырыпта жазылған студенттік эссе байқауы, поэзия жанры бойынша студенттердің «Мен жастарға сенемін!» атты азаматтық-патриоттық сипаттағы туындыларының байқауы, «Мәңгілік ел – мұратым!» патриоттық ән орындаушыларының байқауы.

Біздің университетімізден журналистика мамандығының 2 курс студенттері Советханов Нұрболат, Сейітова Алтынай, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3 курс студенттері Орманбек Эльмира, Әбенова Жібек, «Құқықтану» мамандығының 3 курс студентті Сүлейменов Азамат форумға қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бөлімі

Қазақ
× You found a Typo