Біліктілікті бекіту орталығы мен «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» педагогикалық шеберлік орталығыбірлесіп құрылымдық бөлімше басшылары мен кафедра меңгерушілеріне арнап мектептердегі білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша біліктілікті бекіту курсын өткізуде.
«Орта білім берудің жаңартылған мазмұны шеңберінде жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттырудың оқу бағдарламасы» атты семинар 2 мен 6 сәуір аралығында өтпек. Курсты Педагогикалық шеберлік орталығының жаттықтырушысы Елена Марченко жүргізеді.
Курс аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға Педагогикалық шеберлік орталығының сертификаттары беріледі.
Біліктілікті бекіту орталығы