Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Менің мамандығым – ел өркендеуінің кепілі» атты облыстық стенд-моб өтті

Сапалы білім, саналы тәрбие алып, заманауи мамандық игеру үшін алысқа ат сабылту міндет емес.

Қазіргі қоғамға қажетті, сұранысқа ие мамандықтарды өңірдің білім ошақтарында да дайындаумүмкін болып отыр. «Менің мамандығым – ел өркендеуінің кепілі» атты облыстық стенд-моб қатысушылары осындай қорытындыға келді.

Аталған акция аясында өңірдегі үш университет пен он екі колледж оқытушылары мен өкілдері облыстық техникалық және кәсіби білім беру және кадрларды даярлау орталығының мәнсап және бизнес тобының жетекшісі Рүстем Серғазинов басқаруымен Курчатов қаласы, Бородулиха, Бесқарағай, Қарауыл селоларында болып, аудан мектептерінің 7-11 сынып оқушыларымен кездесулер өткізді.

Кездесулер барысында оқу орынымызда дайындалатын мамандықтар туралы университет оқытушылары Оразова Сән Советбековна, Сапанова Айман Маутханқызы және жоғары колледж оқытушысы Калиакперова Нұрлыхан Заманбековна толық мағлұматтар беріп, ары қарай стенд-мобқа жалғасты. 9-шы және 11 сынып оқушылары қызықтыратын мамандықтар жайында сұрап-біліп қана қоймай, студенттердің тұрмыстық жағдайларына да қанықты.

Курчатов қаласының жоғары сынып оқушыларын химия, ядролық физика мамандықтары қызықтырды. Дегенмен аударма ісі, шет тілі мұғалімі болуға ұмтылатындар көптеп кездесетіндігін байқадық.

Бородулиха ауданына келген тобымызға жергілікті Бородулиха колледжімен Шәкерім университетінің өкілдеріде қосылды.  « - Біздің өңірге қажетті мамандықтар ауыл шаруашылығы саласынан. Сондықтан да жылдан жылға грант саны да артып, топ саны да көбею де» -  дейді Бородулиха колледжінің өкілі Аверина Людмила Сергеевна. Десек те, жоғары білім алып, білімін ұштағысы келетін түлектер де жоқ емес екені байқалады.

Стенд-моб жұмысына белсене қатысып, қызығушылығын көрсетуіне қарағанда жоғары сынып оқушылары мен мектеп мұғалімдеріне жаңа форматта өткізілген стенд-моб ұнаған сияқты. Стенд-мобтың ұйымдастырылған түрде, сауатты, жинақы өтуі тек түлектерге ғана емес, оқу орындарына да ыңғайлы екеніне көз жеткіздік.

Акциядан алған ақпараттарын толық қорытып, игеріп дұрыс таңдау жасайды деген сеніммен оралдық.

С. Оразова,

химия кафедрасының аға оқытушысы

Қазақ
× You found a Typo