- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Жоғары колледжінде тіл мерекесі болып өтті.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Жоғары колледжінде «Ана тілі – жүрек үні» тақырыбында тіл мерекесі болып өтті. Бұл мерекенің мақсаты – студенттердің тілге деген құрметін арттыру.
«Тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті» деген ұранды басшылыққа алған мереке қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өтті. Оны оқытушылар Р. Дүйсембаева, А. Есполова, Ш. Қинаятова-Қазиева, Ш. Ильясова, А. Сағымова және студенттер ұйымдастырды.