Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Мерейтойлық турнир өтті

Университетіміздің 65 жылдығы қарсаңында химия кафедрасы жыл сайын ұйымдастыратын облыс пен қала мектептері оқушылары арасындағы «Химиялық калейдоскоп» турнирі биыл  оныншы рет өткізілді.

Бұл турнирдің мектеп  оқушылары арасында кең танымалдылығының бір дәлелі Х мерейтойлық турнирге облыс және қала мектептері арасынан 9 мектеп командалары өтінім жасады. Олар: Ақтайлақ Би атындағы ОМ Үшбиік ауылы Жарма ауданы, О.Бөкей атындағы қазақ ОМ Глубокое ауылы Глубокое ауданы, Өскемен қаласынан Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты, О.Бөкей атындағы №44 ОМ, Ш.Уәлиханов атындағы №3 ОМ, Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты, А.Байтұрсынұлы атындағы №20 ОМ, З.Ахметов атындағы №16 ОМ.

Турнир ережесі бойынша сайысқа 5 мектеп қана қатыса алатын болғандықтан 10 наурыз күні Іріктеу кезеңі өткізілді. Іріктеу кезеңі бойынша мүмкін болатын 30 балдан Дарынды балаларға арналған Жамбыл ат. Шығыс Қазақстан облыстық мамандан дырылған мектеп-гимназия-интернаты 10 балл, О.Бөкей атындағы №44 ОМ, Ш.Уәлиханов атындағы №3 ОМ, Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты, З.Ахметов атындағы №16 ОМ - 9 балдан жинап турнирге жолдама алды.

17 наурыз күні Турнир барысында мектеп оқушылары химиядан теориялық білімдері мен тәжірибелік біліктіліктерін ғана сынап қоймай өздерінің дарындары мен өнерлерін де белсенді түрде көрсетті. Екі сағаттан астам уақытқа созылған «Химиялық калейдоскоп» турнирінде химиялық сұрақтарға жауап алынып, зерттеу тәжірибелер нәтижесі анықталып, ән айтылып би биленді, әзіл айтылып, көріністер сахналанды. Әсіресе Дарынды балаларға арналған Жамбыл ат. Шығыс Қазақстан облыстық мамандан дырылған мектеп-гимназия-интернатының «Алтын» командасы сахналаған Инертті газдар патшалығының Гелио ханшайымы мен Жер металдар ханзадасының арасындағы химиялық махаббат дастаны өте қызықты да, тәрбиелі болды. Сахналық көрініс мәтінін химиялық заңдылықтарға негізделген көріністен химиялық білімдері де ерекшеленді.

Байқаулар қорытындысы бойынша білімімен де өнерлерімен де ерекшеленген Дарынды балаларға арналған Жамбыл ат. Шығыс Қазақстан облыстық мамандан дырылған мектеп-гимназия-интернатының «Алтын» командасы жеңімпаз болды. Шамалы ұпай айырмашылығымен екінші орынға Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының «Алау» командасы ие болса, үшінші орынды Ш.Уәлиханов атындағы №3 орта мектебінің «Менделеев ұрпақтары» командасы місе тұтты. Турнир өткізілген он жылда бірнеше рет жеңімпаз болған командалар арасында шынайы жеңімпаздар дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Барлық қатысушылар мен командаларды жарысқа дайындаған жетекшілері де алғыс хаттармен марапатталып, университет логотипі бейнеленген кеудещелер, бейсболка және қаламсаптарға ие болды.

Ыстық ықыласпен ұйымдастырылған шынайы бәйге өз мәресіне жетті. Мектеп оқушылары да, химия пәні мұғалімдері де назардан тыс қалмады.

Қазақстанның болашағы білімді ұрпақта.

С. Оразова, химия кафедрасының аға оқытушысы

Қазақ
× You found a Typo