Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Моңғолия мен Қытайдан келген ШҚМУ дайындық курстарының тыңдаушылары онлайн-конференцияға қатысты

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы «Отандастар» қорының облыстық фронт-кеңсесі «Этникалық қазақ жастарының ЖОО білім грантарымен қамтылу мәселелері» онлайн-конференциясын өткізді.

Іс-шараға С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың дайындық бөлімінде білім алып жатқан Моңғолия мен Қытайдың қазақ жастары қатысты.

«Отандастар» қоры қандастармен ақпараттық байланыс бөлімінің меңгерушісі Болат Заутұлы: «Қазір қазақ елінің қамқорлығымен бірқатар шет мемлекеттерде тұратын этникалық қазақ жастары Қазақстанда түрлі ЖОО-лардың дайындық бөлімінде білім алып, одан соң жоғары оқу орындарына қабылданып жатыр. Бұл қазақ жастарына мол мүмкіндік беріп отыр. Сол жастар университет бітіріп, Қазақстанда қызмет атқарып, қоғамға үлес қосуда» деп, білім алуға қатысты нақты ақпараттар берді.

Сонымен қатар, қордың білім бағытына жауапты маманы Нұрымжан Жұмағазиев 2020 жылы жоғары оқу орындары үшін этникалық қазақтарға бөлінетін гранттар, тестілеу туралы мәлімет берді. Жастар сұрақтарына жауап беріп, этникалық қазақ жастары үшін Білім және ғылым министрлігі бірқатар жоба жасап жатқанын жеткізді.

ШҚМУ меркетинг бөлімінің жетекшісі Жанел Болатова дайындық бөлімінде білім алып атқан этникалық қазақ жастарына барлық мүмкіндік жасалып отырғанын айтты.

Фронт-кеңсенің бас сарапшысы Әскерхан Ақтай мемлекет тарапынан этникалық қазақ жастарына көрсетіліп отырған қолдау туралы баяндап, университет басшылығы бұл жастарға айырықша назар аударып отырғанын жеткізіп, оқуға тыңғылықты дайындалу қажеттігін ескертті.

 Онлайн сұхбат барысында тыңдаушы жастар қор мамандарынан білім гранты, көшіп келу жеңілдігі қатарлы бірқатар сауал қойып, жауап алды.

«Отандастар» қоры,

Баспасөз қызметі  

Қазақ
× You found a Typo