Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Моңғолиядағы қазақ жастары ШҚМУ-да оқығысы келеді

Моңғолияның Баян-Өлгей қаласында «Қазақстанның білім күндері» көрмесі өтті. Еліміздің 20-ға жуық жоғары оқу орындарымен қатар С. Аманжолов атындағы ШҚМУ да көрмеге қатысып, өз білім беру бағдарламаларын қандастарға таныстырды.

Іс-шараға ШҚМУ-дан Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру бөлімінің жетекшісі А.А. Сақтаева мен Халықаралық ынтымақтастық және шетел азаматтарын тарту бөлімінің инспекторы М.М. Нұрлыбекова қатысты.

30 мыңға жуық қазақ тұратын Баян-Өлгей аймағында биыл 600-ге жуық оқушы мектепті тәмамдайды. Олардың көбі Қазақстандағы жоғары оқу орындарда білім алғысы келеді.

Көрме мақсаты – шетелдегі қазақ балаларының бакалавриат, магистратура бағдарламалары бойынша стипендияларды жеңіп алу мүмкіндіктерін арттыру.

Көрмеде университет мамандары талапкерлерге оқуға түсу тәртібі, білім беру бағдарламалары, студенттерге жасалатын жағдай жөнінде ақпарат берді. Талапкерлер мен олардың ата-аналары университетте білім алуға қызығушылық танытып, мемлекеттік білім грантын иелену, жатақханада тұру жағдайлары, кітапхана қоры туралы сұрады.

Халықаралық ынтымақтастық және шетел студенттерін тарту бөлімі,

Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру бөлімі

Қазақ
× You found a Typo