С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің ұйымдастыруымен Моңғолиядан келген студенттер арасында «Көңілді старт» эстафеталық турнирі өтті.
Эстафета мақсаты – студенттерді салауатты өмір салтына шақыру. Турнирде 6 команда бәсекеге түсті.
Командалар кенгуру, құрбақа ойындарымен (ұлдар үстінен секіру) қатар, кім епті (үстел теннисі), шармен жүгіру, баскетбол, сергіту сағаты, шырмауық (аяқтарын байлау) сияқты түрлі сайыстарда бақтарын сынады. Жеңімпаз командаларға әділ- қазылар алқасы өз бағасын берді.
1 курс студенттерінен құралған «Оқжетпес» командасы жеңіске жетті.
Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті