Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

М.Төлеген: Жаңа жолдау – Елбасы саясатының сара жолы мен жаңа сапалы кезеңінің алтын көпірі

Біз бүгін әлемдегі беделді әрі орнықты мемлекетке айналып отырған Тәуелсіз Мемлекетіміздің қарқынды дамуына жаңа мүмкіндік туғандығының куәсі болдық.

Университетіміз Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты жолдауының жаңа оқу жылының басталуымен тұспа-тұс келуін жақсылыққа балады.

ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаев салған сара жолдың сәтті жалғасы болған бұл жолдау – Егемен еліміздің ұлттық қауіпсіздік пен тұрақтылық, азаматтық татулық пен келісім, серпінді экономика мен мықты әлеуметтік саясаттағы жетістіктерін нығайтып, мемлекетімізді жаңа сапалық кезеңге бағыттамақ.

Жоғарғы оқу орнымыз бұғанға дейін атқарылып келе жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан студенттер үшін қарастырылған жеңілдіктер, жастардың құқықтық, цифрлы-технологиялық сауаттылығын арттыру бағытындағы және этникалық топтар арасындағы татулық пен келісімді нығайту, А.Құнанбайұлының мерейтойына арналып, бастау алған іс-шараларды жаңа оқу жылында жаңа жолдау негізінде жаңғыртып, сәтті іске асырылуына күш салмақ.

Мұхтар Әділбекұлы Төлеген, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры, профессор, заң ғылымдарының кандидаты, философия докторы (PhD), ҚР Педагогика ғылымдары академиясының академигі

Қазақ
× You found a Typo