5 қазан күні Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінде халықаралық мұғалімдер күніне арналған концерт өтті.
Іс-шараның мақсаты – мұғалім мамандығына, университеттің көптен бері келе жатқан дәстүрлеріне құрметпен қарау, студенттердің шығармашылық қабілеттерін ашу.
Мерекелік іс-шараның басында Жаратылыстану ғылымдары және технология факультетінің деканы ф-м.ғ.к. Досым Ерболатұлы барша профессорлық-оқытушылар құрамды кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың жасампаз жұмысы үшін алғысын білдірді, сонымен қатар жыл бойы өздерін көрсеткен кафедра оқытушыларын алғыс хатпен марапаттады.
Концерттің басында студенттер креативті формадағы құттықтау бейне-ролигін көрсетті, студенттер өз өлеңдерін оқып, домбыра мен гитара ойнады, танымал әртістердің әндерін орындады және би биледі.
Іс-шара аяқталғаннан кейін студенттер өз оқытушыларына берген білімдері, еңбектері мен сабырлықтары үшін алғыс білдірді.
Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті