Қасиетті Рамазан айының қарсаңында №1 орта мектептің түлегі, ата-анасыз төрт баланы тәрбиелеп отырған жетім қыз Жанбота Жақиянова С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың оқу грантын алды.
Рамазан – қайырымдылық айы. Осыған орай, жетім қызға университет атынан жоғары оқу орнының ректоры М.Ә. Төлеген ШҚМУ-дың оқу гранты түрінде әлеуметтік көмек көрсетті.
Жанботаны стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор И. Ровнякова да құттықтап, ҰБТ-ны сәтті тапсыруды тіледі.
Мектеп түлегі алдағы 1-қыркүйекте университетке оқуға келеді.
Мұнымен қоса, университет аз қамтылған отбасыға материалдық көмек көрсетті, атап атқанда компьютерлерді, жазу үстелдерін, бетперделер мен антисептиктерді сыйлады.
Баспасөз қызметі