Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Музей-қорық Шығыс Қазақстанның археологиялық олжалары бойынша вебинарға қатысты

Музей-қорық С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Қазақстан тарихы кафедрасы және А.С.Пушкин атындағы кітапханасымен бірлесіп «Тәуелсіз Қазақстанның археологиялық жетістіктері (Шығыс Қазақстан облысы)» ғылыми-танымдық вебинарын өткізді.
Вебинар ZOOM платформасында аудиторияны Ақбауыр I қонысындағы 2019-2020 жылдардағы археологиялық қазба жұмыстарының негізгі нәтижелерімен және Ақбауыр кешенінде орналасқан Қызылтас қорымындағы «мұртты» қорғанмен таныстыру мақсатында өткізілді.
Вебинарға 1000-ға жуық адам қатысты. Олар – Өскемен қаласы мен ШҚ облысындағы ЖОО, колледждердің, мектептердің оқытушылары, студенттері, оқушылары (жоғары сыныптар), А.С. Пушкин атындағы кітапхананың қызметкерлері, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің оқытушылары, ШҚО музей-қорығының қызметкерлері.
Семинарда музей-қорықтың «Ақбауыр» археологиялық ғылыми-зерттеу бөлімінің меңгерушісі Петенева Галина баяндама жасады. Вебинарға қатысушылар Ақбауыр кешеніндегі археологиялық қазбалар «Алтай-Тарбағатай қола дәуірінен орта ғасырға дейін» тақырыбында жүргізіліп жатқанын білді (бағдарлама басшысы – Ахметов Д.К., тақырып басшысы – Самашев З.С.).
2019-2020 жылдары Ақбауырда көлемі 4,0х4,0 м. 30 шаршыға бөлінген қазба жұмыстары жүргізілді. 0,20-0,50 м. тереңдікте екі қабат ашылды. Негізі тастан жасалған 10-ға жуық ошақ орындары тазартылды, керамиканың көптеген көрініс қалдықтары, тас құралдары – дәнүккіштер, кетпендер, келсаптар, куранттар және т.б. табылды. Баяндамада қоныстан табылған заттардың толық сипаттамасы айтылды. Қонысқа ерте сақ уақыты қойылды. Оның Ақбауырдағы археологтар зерттеген бір нысаны – Қызылтас қорымындағы «мұртты» қорғаны. Бұл ескерткіштерде қазба жұмыстары қалай жүргізіліп жатқаны, олардың ерекшелігі мен маңызы туралы егжей-тегжейлі айтылды.

Музей-қорықтың баспасөз қызметі
 
Қазақ
× You found a Typo