Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Мәжіліс депутаты университет қызметіне жоғары баға берді

Ел Парламенті Мәжілісінің депутат­тары өңірлерді аралап, Елбасының биыл­ғы Жолдауының ерекшеліктері мен міндеттерін жұртшылыққа жеткізуде. Мәжіліс депутаттары Бейбіт Мамраев пен Мұхтар Ерман Өскемендегі жоғары оқу орындарының оқытушыларымен және ғалымдарымен кездесті.

Бүгінгі таңда еліміз индустриалды-инновациялық даму жолын таңдап, өркениет көшінен қалыспауға тырысып келеді. Әлбетте, бұл ретте білім мен ғылымның алар орны ерекше. Халық қалаулылары жоғары оқу орындарының әлеуетін көтеру – уақыт талабы деп санайды, өйткені қазіргі кезде заманауи мамандықтар қажет. Сонымен бірге, биылдан бастап елімізде кәсіби-техникалық арнаулы білім тегін беріле бастайды. Осы ретте де ең алдымен сапаға мән берген жөн.

– Бізге білікті әрі қазіргі заман талаптарына сай келетін мамандар керек. Сондықтан, білім саласы үздіксіз реформалауды қажет етеді. Қазіргі кезде ғылым мен технология күн санап дамуда, әлем сандық революция қарсаңында тұр. Оқу орындары осы үдерістен қалып қалмауы тиіс. Ал, ғылыми жобалар міндетті түрде өндіріске енгізілуі шарт, – деген Мәжіліс депутаты Бейбіт Мамраев бұл бағытта жылдамдық пен жүйелеліктің жетіспейтінін алға тартты.

Ғылыми жаңашылдықты жүзеге асыруда, нақты кәдеге жаратуда қағазбастылық көп, сонымен қатар мемлекет тарапынан заңнамалық қолдау жоқтың қасы. Осы мәселе алдағы уақытта Мәжіліс қабырғасында арнайы талқыланатын болады. Әзірше, депутаттар сала мамандарынан, сарапшылардан ой-пікір жинауда.

Аймақ басшысының тікелей мұрындық болуымен және жан-жақты қолдау білдіруімен қазір аталмыш оқу орны өңірдегі іргелі өндіріс орындарымен бірлесе он жобаны қолға алған. Олар ғылыми жаңалықтарды өнеркәсіпке енгізіп, өзіндік құны жоғары өнім өндіруді мақсат етеді.

– Бүгін біз оқытушылар қауымымен, ғалымдармен жүздесіп, саланың өзекті мәселелерін талқыға салдық. Әрине, кез келген салада қордаланған мәселелер жетерлік. Бізге жаңа мамандықтарды дайындау керек. Мысалы, гидромеханик сынды мамандыққа елімізде ешбір оқу орны оқытпайды. Ал еліміз суармалы егіншілікті дамытуды көздеп отыр. Сондай-ақ, елімізге 900-ге жуық фармоколог жетіспейді екен, осы салада еңбек етіп жүргендердің 5 пайызы ғана маман. Оқу орындарында жаңа мамандық ашудың өзі үлкен жұмыс, кезінде С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде ядролық физик дайындау үшін көптеген қиындықтарға тап болғанбыз. Қазір оқу орны аталмыш мамандарды табысты әзірлеуде, – деген Бейбіт Мамраев ШҚМУ қызметіне жоғары баға берді.  

Мәжіліс депутаты Бейбіт Мамраев кездесу барысында еліміздегі білім беру саласындағы өзге­рістер туралы әңгімелеп, осы тұрғыда қойылған сауалдарға тиянақты жауап қайтарды.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo