- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Аталмыш киіз үйде Өскемен және ШҚО Құрметті азаматтары дәмі тіл үйірер наурыз-көже, бесбармақ, палау, қымыз және бауырсақтардан дәм татты. Киіз үйдің жанында спорт алаңы мен музыкалық алаң ұйымдастырылып, онда ШҚМУ музыканттары мен қаламыздың шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті.
Қала тұрғындарына ШҚМУ туралы қызықты, әрі талапкерлер үшін маңызды ақпарат жазылған буклеттер таратылды.
Іс-шараның құрметті қонағы Мұрат Мұтырғанов қала тұрғындарын қызыққа бөледі.
Кешкісін мерекелік шара концерттік бағдарламаға ұласып, жастар би кешімен аяқталды.
Баспасөз қызметі