- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Университетіміз кәсіби бағдар беру мақсатында Өскемендегі №16 және №20 орта мектептердің 11 сынып оқушыларын қабылдады.
Университетіміздің №7 оқу ғимаратында «Кәсіптік оқыту» мамандығы кәсіби бағдар беру мақсатында №16 және №20 мектептердің 11 сынып оқушыларын қабылдады.
Мамандықтың қыр-сырымен таныстыру үшін студенттер мен оқытушылар келешек түлектерге қолөнер, тігін және тамақ әзірлеуден шеберлік сыныптарын өткізді. Қарапайым орамалдан жылдам сәнді юбка тігуді, трикотаж жіптермен себет тоқуды көрсетті, қазір қолөнерде кеңінен қолданып жүрген фетрден клатч жасап, оны моншақтармен безендіруді үйретті.