Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

№2 орта мектепте компьютерлік үлгілеу және ақпараттық технологиялар кафедрасы оқытушыларымен кездесу өтті

Өскемен қаласы Защита шағын ауданының №2 орта мектебінде С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Компьютерлік үлгілеу және ақпараттық технологиялар кафедрасының оқытушылары кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді.

Кездесу кезінде КҮжАТ кафедрасының оқытушылары З. Қабдрахманова және А. Тұқышова кафедрадағы мамандықтар, білім беру бағдарламалары мен олардың бірегейлігі, академиялық ұтқырлық бағдарламалары, кафедраның халықаралық байланыстары, студенттерге жасалатын жағдайлар, қаладан алыс тұратын студенттерге берілетін жатақхана, студенттердің қызықты өмірі жайлы әңгімелеп, оқушыларға кафедра туралы презентация ұсынды. 2018-2019 оқу жылында ашылған жаңа мамандықтар, оқу мен оқуға түсу  шарттары туралы айтты.

Түлектер кафедраның іс-тәжірибе базалары, кафедра түлектерін жұмыспен қамту туралы мәліметтерге қызығушылық танытып, сұрақтар қойды. Оқушылармен әңгіме жүргізіліп, сауалнама толтырылып, ақпараттық буклеттер таратылды. Кафедра оқытушылары оларды қызықтырған сұрақтардың барлығына жауап берді.

Компьютерлік үлгілеу және ақпараттық технологиялар кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo