30 қарашада С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың жаңадан ашылған Археология және Алтайдың мәдени мұрасы мұражайында №20 орта мектептің 10-11 сынып оқушылары экскурсиямен болды.
Қазақстан тарихы кафедрасының өлкетану апталығы аясында өткен экскурсияны облыстық білім басқармасы ШҚМУ-дағы Қазақстан тарихы кафедрасымен, «Алтайтану» ҒЗО-мен, «Рухани жаңғыру» гуманитарлық және саяси зерттеулер орталығымен, Маркетинг және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығымен бірлесе ұйымдастырды.
Баспасөз қызметі