Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

№3 Студенттер үйінде тұратын білім алушыларға карантин талаптары түсіндірілді

С.Аманжолов атындағы ШҚУ №3 Студенттер үйінің студенттері арасында карантин талаптарын және жатақхананың ішкі тәртіп ережелерін түсіндіру жұмысы жүргізілді.

2 қараша күні С. Аманжолов атындағы ШҚУ тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімі жетекшісінің міндетін атқарушы Н.А. Аманжолова мен Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің деканы М.Н. Мадияров студенттер арасында жеке түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Студенттерге ШҚО бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 29 қазандағы №23-1 бетперде режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтауға және санитарлық-дезинфекциялық режимді күшейтуге қатысты Қаулысында көрсетілген облыс және Өскемен қаласы аумағына кіруге және одан шығуға тыйым салу туралы талаптары түсіндірілді.

Жұқпалы ауруларға, оның ішінде COVID-19-ға күдікті адамдар анықталған кезде (жөтел, тыныс алудың қиындығы, температура) «103» телефоны бойынша жедел жәрдем шақыру, Студенттер үйінің коменданты мен академиялық топ кураторына хабардар ету қажет екені ескертілді.

Сондай-ақ, студенттерге Студенттер үйлерінің ішкі тәртіп ережелері түсіндірілді.

Студенттер үйінде тұру тәртібін сақтау және тұру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Студенттер үйіне кіру және одан шығу 22-де тоқтатылады, университет аумағында темекі шегуге, спирттік ішімдіктер ішуге, есірткі заттарын қабылдауға, құмар ойындарға тыйым салынатыны айтылды.

Өрт қауіпсіздігі мақсатында Студенттер үйлерінде электр сымдары зақымдалған, ток өткізгіш және қыздыру элементтері ашық тұрмыстық құралдарды пайдалануға тыйым салынатыны ескертілді. Рейдтік жұмыстар, Студенттер үйлерінде түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімі

Қазақ
× You found a Typo