№3 Студенттер үйінде студенттер арасында жұқпалы тері аурулары мен педикулездің таралуының алдын алу мақсатында медициналық қарау жүргізілді.
Студенттер үйінде барлығы 115 студент тұрады. Олар 100% қаралды. Анықталған науқастар жоқ.
Барлық тері ауруларын шартты түрде жұқпалы және жұқпалы емес деп бөлуге болады. Жұқпалы тері ауруларына жалпы паразиттік және саңырауқұлақ аурулары жатады: қышыма, педикулез, микоздар (терінің саңырауқұлақ аурулары).
Жұқпалы аурулардың таралуына халықтың көші-қоны, адамдар байланысының артуы, халықтың көп жиналуы және тығыздығы, кейбір әлеуметтік себептер, адамдардың ауру туралы білімінің жеткіліксіздігі, сондай-ақ өзін-өзі емдеу және т.б. әсер етеді.
Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімі