Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

№4 Студенттер үйінде теннистен сайыс болып өтті

16 сәуірде №4 Студенттер үйінде №3, 4, 5 Студенттер үйлерінде тұратын студенттер арасында теннистен сайыс өтті. Ұйымдастырушы – тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімі.

Сайыс студенттерді бұқаралық спортқа тартуды, салауатты өмір салтын қалыптастыруды, студенттердің белсенді демалысын өткізуді мақсат етті.

Жарысты Педагогика, психология және мәдениет факультеті деканының орынбасары Д. Байдрахманов пен дене шынықтыру кафедрасының оқытушысы А. Төлебаев өткізді.

Орындар төмендегіше бөлінді: I орын – «Психология» мамандығының 4 курс студенті Азамат Мәуітәлиев, №4 үй; II орын – «Тарих» мамандығының 1 курс студенті Адамбай Майқыби, №5 үй; III орын – «Математика» мамандығының 1 курс студенті Нұрсұлтан Зорқұм, №4 үй.

– Үстел теннисін 9 сыныптан бастап ойнаймын, турнирді ұйымдастырушыларға алғысым шексіз, бәрі тамаша өтті, – дейді Азамат Мәуітәлиев.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo