№4 студенттер үйінде «Ұл ұятымен, қыз қылығымен ардақты» атты іс-шара өтті.
28 қарашада №4 студенттер үйінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында студенттерді адам бойындағы ұнамды қылықтарды ажырата білуге, әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу мақсатында «Ұл ұятымен, қыз қылығымен ардақты» атты іс-шара өтті.
Іс-шараны доцент Ж. Игісінованың және магистрант А.Нукушеваның жетекшілігімен биология мамандығының студенттері ұйымдастырды. Іс-шараға биология кафедрасының меңгерушісі А. Кітапбаева және деканның оқу ісі жөніндегі орынбасары С. Айтқожина қатысты.
Шара барысында адамгершілік қасиеттерді сезіну және үлгі ете білу, имандылық, инабаттылық туралы көптеген мағлұматтар беріліп, студенттер өз ойын ашық түрде жеткізіп, пікір алмасты.
Биология кафедрасы