- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
2018.15.03. «Экономика және құқық» факультетінің «Қаржы және есеп» кафедрасының ПОҚ (профессор Шолпанбаева К.Ж., аға оқытушы Белоусова Л.И.) үгіт насихат жұмысын жүргізу аясында Өскемен қаласының №9 орта мектебі оқушылардың арасында «Қаржыдан таршылық көрмеңіз» тақырыбында іскерлік ойын өткізді.
Бітіруші сыныптың 26 оқушысы қатысты.
Ойын мақсаты:
- Оқушыларға үй экономикасы отбасы бюджетінің негізі екенін қалыптастыру.
- Қатысушылар тапсырмаларды орындауға белсенді қатысып, өз ойларын жеткізді.
- Әрқайсысы өз көзқарасын білдірді.
Іскерлік ойынды жүргізуші Шолпанбаева К.Ж. қорытынды жасап, әркім қаржылық сауатты болуы керек, «қаржылық сауаттылық - қорғалады» деген қорытындыға келді.
Белоусова Л.И. университет өмірі жайында айтып (факультет мамандықтары), оқушыларға материалдар: кітапшалар және дайындық курсы жөнінде ақпараттық беттер таратты.
Оқушылар барлық сұрақтарға толық жауап алды. Қатысушылар қызықты, танымды ойын үшін С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің ПОҚ-на алғыстарын білдірді.
«Экономика және құқық» факультетінің «Қаржы және есеп» кафедрасы