Новосібір мемлекеттік университетінің (Ресей) профессоры, тарих ғылымдарының докторы Наталья Аблажей ШҚМУ студенттеріне, магистранттары мен докторанттарына «Тарихтағы миграциялық зерттеулер» дәрістер курсын оқуда.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында профессор Наталья Николаевна Аблажей «Тарих» білім беру бағдарламасының студенттеріне, магистранттары мен докторанттарына және «Халықаралық қатынастар» білім беру бағдарламасының студенттеріне арналған «Тарихтағы миграциялық зерттеулер» тақырыбында дәрістер оқуда.
Н.Н. Аблажейдің ғылыми зерттеулерінің негізгі бағыттары – аймақтық проблемалар, көші-қон мәселелері, диаспоралық тарих, эмиграция, қайта қоныс аудару, депортация, саяси қуғын-сүргін.
Н.Н. Аблажей – 200-ден астам ғылыми жұмыстың авторы, оның ішінде 8 монография, РҒДИ деректер базасында 114 мақаласы бар.
Наталья Николаевна кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесіп, докторлық диссертацияларды талқылауға қатысты, докторанттармен жеке кеңес өткізді.
Қазақстан тарихы кафедрасы