«Nur Otan» партиясы облыстық филиалы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Мұхтар Төлеген бастаған комиссия мүшелері көмек көрсету, сондай-ақ коронавирус инфекциясының таралуын алдын алу мақсатында қала тұрғындарына көпреттік екі қабатты тегін бетперделер мен антисептик құралдарын таратты.
«Риддер – Белоусовка», «Өскемен – Семей», «Өскемен – Шемонаиха» блок-бекеттерінде «Nur Otan» партиясының ШҚОФ партиялық бақылау комиссиясы атынан тегін антисептик және көпреттік маскалар таратылды.
Барлық стандарттарға сәйкес келетін антисептик құралы С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Ұлттық ғылыми зертханасында, ал қорғаныш бетперделері университеттің Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті «Кәсіптік оқыту» мамандығының тігін ісінің оқу зертханасында жасалған.
Қала тұрғындары «Nur Otan» партиясы ШҚОФ партиялық бақылау комиссиясының мүшелеріне көрсеткен қайырымдылық көмектері үшін алғыс айтты.
«Nur Otan» партиясы ШҚОФ партиялық бақылау комиссиясы