Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Облыс делегациясы Абай кітабының түпнұсқасын әкелу үшін Қазанға аттанды

Облыстық соттың төрағасы Н. Қайырбеков, облыстық соттың судьясы Е. Жұмақсанов және С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры М. Төлеген бар делегация Татарстанға, Қазан федералдық университетінің Лобачевский атындағы кітапханасына Абайдың «Қарамола ережесінің» түпнұсқасын алып келуге аттанды.

Абайдың 175 жылдығына арналған конференция барысында кітапты көрмеге қою мүмкіндігін Татарстанның Қазақстандағы өкілдігі беріп отыр.

Тұңғыш далалық заңнамалық басылымды – 1885 жылы басылып шыққан «Қарамола ережесін» немесе «Қарапайым қазақтарға арналған кодексті» Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-мұражайының ғалымы Қазанға (Татарстан Республикасы, РФ) жасаған ғылыми іссапары кезінде Қазан федеральдық университетінің Лобачевский атындағы кітапханасынан тапқан болатын.

Лобачевский атындағы кітапхананың қызметкерлері құжаттың көшірмесін алуға ғана рұқсат беріпті.

Еңбектің тарихына тоқталсақ, «Карамола ережесі» заңдар кодексі – қазақ тіліндегі алғашқы құқықтық құжаттардың бірі, оның тарихы 1885 жылы ма­мырда­ Шар өзенінің жағасындағы Қарамола жерінде қабылданғаннан басталады. Бұл – Семей облысының бірқатар округтерінің жүзден астам билердің арасында өткен кезектен тыс съезінде қабылданған даланың әдет-ғұрыптары мен заңдарының жиынтығы. Құжаттың түпнұсқасы 1886 жылы Семей әскери губернаторының бұйрығымен Қазан императорлық университетінің баспаханасында араб графикасында басылған.

Қарамолада бар­лы­ғы Абайды съезд төр­­ағасы етіп сайлай­ды. Абай үш күн ішінде заңға байланыс­ты мақа­лалар жазады.

Мамандардың ай­туын­ша, Абай демократ ретінде қарапайым қазақтардың өмірін қалай­ жеңілдетеміз деген­ бағытта көптеген ұсы­ныс кіргізген.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo