Шығыс Қазақстан кәсіпкерлеріне және білім саласы өкілдеріне студенттік жатақхана құрылысының жаңа механизмі туралы айтылды.
– Облыстық кәсіпкерлер палатасы «Қаржы орталығы» АҚ өкілінің білім саласы басшыларымен, кәсіпкерлермен кездесуін өткізді. Жиында Елбасының 5 әлеуметтік бастамасы аясында елде 75 мың орындық студенттер жатақханаларын салу тапсырмасы талқыланды, – деп хабарлайды палата.
– Елде студенттер жатақханасы тапшы, 90 мың орын қажет. Облыстағы қажеттілік – 4,5 мың орын. «Қаржы орталығы» АҚ бизнес қауымдастыққа арнап жатақхана құрылыстарын қаржыландырудың тиімді механизмін әзірлеп отыр, – деді палата өкілі Әсет Әділхан.
Қаржы орталығының менеджері Алпамыс Сатыбалдин қаржыландыру әдісін түсіндірді.
Шығыс Қазақстанға бүгінде 4 578 орын керек. 15 білім мекемесі жатақханаға зәру. Әкімдік жер телімдерін қарастырып қойған.
25 шілдеде 30-шы Гвардиялық дивизия көшесіндегі 34 үйде, №111 кабинетте ШҚМУ-ға 600 орындық жатақхана салу жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өтеді. Жобалаушы ұйым – «DES Holding» ЖШС.
Баспасөз қызметі