Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Облыс мектептерінің түлектеріне кәсіби бағдар берілді

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Қазақстан тарихы кафедрасы облыс және Өскемен қаласы мектептерінің түлектері арасында кәсіби бағдар беру іс-шарасын өткізді.

Шараға «Тарих» және «Халықаралық қатынастар» мамандықтарының түлектері – «Тарих» ББ бойынша 2012 жылы бакалавриатты, 2020 жылы «Тарих» ББ бойынша магистратураны бітірген ШҚО сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығы директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Гүлжан Кашакукызы, «Халықаралық қатынастар» ББ тәмамдаған ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында аудармашы-референт Арайлым Қайратова, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ тарих мамандығының 2 курс доктаранты Ақерке Хизат, «Тарих» ББ 4 курс студенті Әли Қожахметов қатысты.   

Түлектер кафедрада алған білімдерінің маңызын айтып, еңбек және ғылым жолындағы жетістіктерімен бөлісті. Мектеп бітіруші түлектермен пікір алмасып, ой бөлісті.

Қазақстан тарихы кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo