Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Облыс оқушылары ШҚМУ өткізген «Болашақ журналист» байқауына қатысты

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы облыс мектеп оқушылары арасында «Болашақ журналист» пән олимпиадасын өткізді.

Олимпиадаға Тарбағатай, Жарма, Ұлан аудандары мен Семей, Өскемен қалаларынан 16 бала қатысты. Сайыс үш кезеңнен тұрды. Оқушылар өздерін таныстырып, «Мен оқитын басылымдар» тақырыбында эссе жазды және «Мінез және мінездегі міндер» тақырыбында шаршы топ алдынды шешен сөйлеу қабілетімен сыналды.

Сайысқа Журналистер одағының мүшесі, филология ғылымының кандидаты, ардагер журналист Айтмұхамбет Қасымов, «Алтай» телеарнасының шеф-редакторы Айдана Даирова, болашақ журналист Сұңқар Төрехановтың төрелік етті.

Нəтижесінде бас жүлдені Глубокое ауданы О. Бөкей атындағы қазақ орта мектебінен келген 11 сынып оқушысы Қымбат Мұхамадиева, І орынды Өскемен қаласы №46 мектептің 10 «М» сынып оқушысы Алтынжан Семейхан, ІІ орынды Өскемен қаласы О. Бөкей атындағы №44 лицейдің 11 сынып оқушысы Еркежан Əуесбекова, ІІІ орынды Өскемен қаласы №35 орта мектептің 11 «В» сыныбының оқушысы Мейрамгүл Сейітқалиева, ал «Үздік таныстыру» номинациясын Өскемен қаласы №45 мектептің 10 «Б» сынып оқушысы Əмина Марданманова, «Жас публицист» номинациясын Семей қаласы №47 мектептің 11 «А» сынып оқушысы Шуақ Таңатқызы, «Ділмар журналист» номинациясын Өскемен қаласы М. Шаяхметов атындағы №23 мектептің 10 «К» сынып оқушысы Аружан Шұбарова еншіледі.

Оқушыларын үкілеп әкелген мектеп мұғалімдері алғыс хаттармен, ынталандыру сыйлықтарымен мараптатталды.

Айым Дүйсенбина,

журналистика мамандығының

1 курс студенті

Қазақ
× You found a Typo