Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Облыс оқушыларына арналған «Медиация – бейбітшілік пен келісім жолы» тақырыбындағы семинар өтті

Экономика және құқық факультетінің әдістемелік апталығы аясында С. Аманжолов атындағы ШҚУ облыстық білім басқармасымен, Шығыс Қазақстан «Альтернатива» медиация және құқық орталығымен ынтымақтастықта облыс мектептерінің оқушылары үшін «Медиация бейбітшілік пен келісім жолы» тақырыбында семинар өткізді.

Семинарды ұйымдастырушы – Қылмыстық құқық және қылмыстық іс жүргізу кафедрасының аға оқытушысы, кәсіби медиатор Аксана Александровна Каленова.

Семинар жұмысына Өскемен қаласы №3, 10, 16, Семей қаласы №6, 28, 11 мектептерінің, Риддер қаласының, Жарма, Бесқарағай, Көкпекті аудандарының оқушылары қатысты. Барлығы 100-ге жуық адам атсалысты.

Семинар шеңберінде оқушылар медиатордың жұмыс құралдарымен, туындаған жанжалдарды шешудің медиативтік технологияларымен танысты, мектептегі Медиация қызметтері жұмысының мақсаттары, нысаны мен мазмұны туралы білді.

Білім беру ұйымдарындағы Медиация қызметтерінде дауларды сындарлы шешуге және жанжалды жағдайлардан айтарлықтай шығынсыз шығуға көмектесетін құрал пайда болды.

Мектептегі медиация қарым-қатынас дағдыларын арттыруға, сындарлы мінез-құлықты қалыптастыруға, білім беру процесінің барлық қатысушылары: оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар арасындағы қақтығыстардың алдын алуға және шешуге ықпал етеді. Мектеп пен отбасы бір-бірін баланың жайлы әл-ауқаты мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін күш біріктіретін серіктес ретінде қабылдауға мүмкіндік береді.

Мектеп медиациясы қызметтерінің дамуы мектептердегі агрессия мен қақтығыстардың төмендеуіне әкеледі, медиативті әдістерді қолдану келіссөздер процесін құруға көмектеседі, осылайша жанжал тараптары оған "басқа көзбен" қарап, өзара тиімді келісімге келеді.

Қылмыстық құқық және қылмыстық іс жүргізу кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo