Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Облыста ҰБТ биыл 22 маусымда басталады

Облыста 22 маусымда ұлттық бірыңғай тестілеудің үшінші кезеңі басталады. Тестілеудің бұл кезеңі мектеп түлектерінің білім грантын тағайындау конкурсына қатысуға мүмкіндік береді.

8490 мектеп бітірушінің 6669-ы (78,5%) ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға өтініш тапсырған, бұл былтырмен салыстырғанда 8%-ға жоғары.

Ұйымдастырушылық мәселелерді шешу және ҰБТ өткізу мониторингісі үшін 16 бірыңғай тестілеу өткізу пунктінде білім бөлімі басшыларынан, жергілікті атқарушы органдар, құқық қорғау органдары, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінен мемлекеттік комиссиялар құрылды.

Тестілеу нәтижелерінің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында 16 тестілеу пункті байланыс сигналын бұғаттаушы, металл іздегіш құралдармен, бейнекамералармен, сондай-ақ аудиториялар онлайн-көрсетіліммен жабдықталды.

Түлектердің 6669-ы Қазақстанның, 585-і шетелдің жоғары оқу орындарына, 1236-сы ел колледждеріне түсуді жоспарлауда.

Облыста «Білікті маман» бағдарламасы іске асырылуда. Жергілікті бюджеттен жоғары білімді мамандарды даярлауға 2017 жылы 200, 2018 жылы 446 білім гранты бөлінген. Биыл 400 грант бөлінбек.

Осы жылы облыста кәсіптік және техникалық білім беру жүйесіне 7930 орын, оның ішінде жергілікті бюджеттен 6200, республикалық бюджеттен 1730 орын бөлінді.

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы

Қазақ
× You found a Typo