Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Облыстық «Абай оқулары» өткізілді

Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультеті Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен 27 қаңтар күні 10-11 сынып оқушыларының арасында ана тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөздік қорын насихаттау, Абай шығармашылығын ұлықтау арқылы жас ұрпақтың қазақтың тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген ықыласын арттыру әрі еліміздің рухани бірлігін нығайту, кәсіптік бағдар жұмысын жандандыру мақсатында облыстық дәстүрлі «Абай оқулары» байқауы  өткізілді.

Университеттің ғылым және стратегиялық даму жөніндегі профессоры Б.А.Ердембековтің бастамасымен 2 рет өткізіліп отырған бұл байқаудың басты ерекшілігі – жүлдегерлерге университет гранты мен оқу төлемақысына жеңілдіктердің берілуі.

Ф.ғ.к., ШҚМУ доценті Б.Н.Бияров, «Ертіс толқыны» әдеби орталығының жетекшісі, ақын Қ.Дүргінбай, «Абай оқуларының» жеңімпазы, білім грантының иегері, 1-курс студенті А.Шәріпжанова төрелік еткен сайыста Абай шығармалары жатқа мәнерлеп оқылып,  қарасөздері бойынша мәтіндік талдау жасалып, Абайтану курсы  бойынша танымдық сұрақтарға жауап берілді. Өскемен, Семей қалалары мен Абай, Зайсан, Тарбағатай, Үржар, Күршім, Жарма, Күршім, Глубокое аудандарынан келген 31 қатысушы сайыстың көрігін қыздырды.

Нәтижесінде Семей қаласындағы №27 орта мектептің 11 сынып оқушысы Закария Әлия 1 орын алып, университетіміздің білім грантын жеңіп алды. 2 орынды – Ұлан Үмітгүл (Жарма ауданы),  Мадетхан Аймөлдір (Глубокое ауданы), 3-орынды – Қасымова Толғанай  (Семей), Дүйсенбекова Еркеназ (Зайсан), Женіс Зира (Өскемен) иеленді. Қатысушыларға алғыс хаттар берілді.

Жауапты әрі күрделі сайыстың тартысты, қызықты өтуіне кафедра оқытушылары Қ.Т.Барбосынова, Ж.Қ.Қайырбаева, 2-курс студенттері үлкен үлес қосты.

Қ.Барбосынова,

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo