- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының ұйымдастыруымен облыстың 10-11 сынып оқушылары арасында дәстүрлі «Абай оқулары» байқауы өтті.
Іс-шара мақсаты – Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының идеясын жүзеге асыру, ана тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөздік қорын насихаттау, Абай шығармашылығы арқылы жас ұрпақтың қазақ тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне ықыласын арттыру әрі еліміздің рухани бірлігін нығайту, кәсіптік бағдар жұмысын жандандыру.
Университетімізде үшінші рет өтіп отырған байқауға облыстық «Дидар» газетінің тілшісі Е. Нақтыбай, ШҚМУ доценті А. Сейпутанова, Пекиндегі Ұлттар университетінің студенті Ж. Ерболұлы, 2017 жылдың «Үздік әдебиетшісі», республикалық пән олимпиадасының жеңімпазы, студент Е. Қабидолданова төрелік етті.
Сайыста Абай шығармалары жатқа мәнерлеп оқылып, қарасөздеріне мәтіндік талдау жасалып, Абайтану курсы бойынша танымдық сұрақтарға жауап берілді. Нәтижесінде Ұлан ауданындағы Р. Мәрсеков орта мектебінің 10 сынып оқушысы Жадыра Тегісбек 1 орын алса, 2 орынды – Аэлита Үйданова (№47 мектеп), Аэлита Ержанова (№47 мектеп), 3 орынды – Ділназ Тұрғазыева (№1 мектеп), Мөлдір Ақашова (№45 мектеп), Зира Жеңісқызы (№33 мектеп) иеленді. Қатысушыларға, олардың жетекшілеріне алғыс хаттар берілді.
Қ. Барбосынова,
Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының аға оқытушысы