- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Биология кафедрасында 15 наурызда ШҚО 11 сынып оқушылары арасында биология пәні бойынша облыстық «Тірі ғаламшар» атты олимпиада өтті.
Олимпиадаға облыс мектептерінен 100-ге жуық оқушы қатысты. Қатысушылар 2 кезеңнен I тур тесттік және 2 тур іс-тәжірибелік тапсырмаларды орындады.
Олимпиада барысында кафедра оқытушылары мектеп мұғалімдерімен «Қазақстан Республикасы орта білім берудегі жаңартылған мазмұнды енгізу аясында биологиядан оқу бағдарламаларының ерекшеліктері» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізді. Мектеп мұғалімдеріне 11-сынып оқушылары арасында өткен биология пәнінен «Тірі ғаламшар» атты облыстық олимпиадаға оқушы даярлағаны және дөңгелек үстел жұмысына белсене қатысқаны үшін сертификат берілді.
Олимпиада қорытындысы бойынша Өскемен қаласы «А. Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі» КММ оқушысы Исханқызы Гүлім І орын алғаны үшін дипломмен, Өскемен қаласының «№27 орта мектеп» КММ оқушысы Тұрсынбеков Шыңғыс ІІ орын алғаны үшін дипломмен, Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы Ломоносов орта мектебінің» оқушысы Елемесов Мейірбек ІІІ орын алғаны үшін дипломмен марапатталды.
Биология кафедрасы