Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Облыстың 500-ге жуық адвокаты ШҚУ-да біліктілікті арттыру курстарынан өтеді

Шығыс Қазақстан облысы адвокаттар алқасы мен С. Аманжолов атындағы ШҚУ арасындағы ынтымақтастық туралы шарт шеңберінде Азаматтық құқық және азаматтық процесс кафедрасы және Кәсіби даярлау және біліктілікті арттыру ресурстық орталығы онлайн біліктілікті арттыру курстарын өткізеді.

"Қазақстан Республикасындағы адвокаттық қызметті құқықтық реттеу" курстарына өңірдің  98 адвокаты қатысады.

Курстардың мақсаты – Шығыс Қазақстан облысы адвокаттарының кәсіби құзыреттілігінің деңгейін арттыру.

Курстарды Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу кафедрасының доценті, з.ғ.к. А.А. Карандашева, доцент, з.ғ.к. А.А. Квашин, доцент, з.ғ.к. Ж.Е. Садыканова, Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.к. А.А. Сәбитова, Психология және түзету педагогикасы кафедрасының профессоры, пс.ғ.к. И.К. Мацкевич, Шығыс Қазақстан облыстық сотының соттарымен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің төрағасы, отставкадағы судья В.Н. Қизаметдинов және т.б. өткізеді.

Курс барысында келесі мәселелер қарастырылды: азаматтық сот ісін жүргізудегі адвокаттың мәртебесі, еңбек дауларын қарау ерекшеліктері, адвокаттық қызметтің психологиялық әдістері, әкімшілік құқықбұзушылық туралы істерді қараудың сот практикасы, шарттық құқықтың сот практикасы және т.б.

Топтағы адвокаттар үлкен қызығушылықпен жұмыс істейді. Олар өздерінің практикалық қызметінде өзекті мәселелерді талқылайды.

Курс аяқталғаннан кейін қатысушыларға сертификаттар беріледі.

Мұндай іс-шаралар екі жақтың да әртүрлі аспектілерінде серіктестік қатынастарды дамытуға мүмкіндік береді.

Алдағы жоспарларда ШҚО-ның 400 адвокаты үшін осы бағдарлама бойынша біліктілікті арттыру курстарын өткізу қарастырылған.

Кәсіби даярлау және біліктілікті арттыру ресурстық орталығы

Қазақ
× You found a Typo