- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
1-6 тамыз аралығында Кембридж университетінің базасында «Ньютон – Аль-Фараби» серіктестік бағдарламасының «KazRam» Раман-спектрометрін өңдеу халықаралық жобасы аясында С.Аманжолов атындағы ШҚМУ СДжҒЖ жөніндегі проректоры Анар Мырзағалиева, магистр-түлектері Айдын Оразов, Темірлан Хасен Кембридж университетінің жер департаментімен бірлесіп құралдарды жинау бойынша қорытынды кезең өткізді.
Бұл ерекше аппарат жоба қатысушыларының үшжылдық жұмысының нәтижесі. Раман-сперктрометр біздің университетте орнатылып, оқытушылар мен студенттердің білімдерін арттыруға жақсы мүмкіндік береді.
Университет осындай талантты және мақсатына жететін, ғылымды дамытуға үлкен үміт артатын түлектерін және де осындай нәтижеге жеткізген кәсіби жетекшілерді мақтан тұтады.
Халықаралық ынтымақтастық бөлімі