- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
№1 оқу корпусының фойесінде және әкімшілік ғимаратта дәстүрлі жаңажылдық шыршалар орнатылып, сан түрлі ойыншықтармен безендірілді. Ал, №1 ғимарат маңында өсіп тұрған тірі шыршалар жаңажылдық гирляндалармен әшекейлендірілген.
Үлкен шыршалармен қатар, кейбір кабинеттерде және дәрісханаларда шағын шыршалар пайда болды, олар да сан алуан жаңажылдық стильде безендірілген, яғни бірі қағаздан жасалған қар ұшқындарымен, бірі жылтырақ қағаздармен, бірі гирляндаларман, бірі шарлармен көмкерілген...
Жаңа жыл жақындап келеді! Ал шыршалар болса, оқу орнымыздың оқытушылары мен студенттеріне жаңажылдық көңіл күй сыйлап тұр.
Баспасөз қызметі