Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Оқу орнымыздың белсенді жастары ой бөлісті

ШҚМУ-да тәрбие жұмысы жөніндегі проректордың университет белсенділерімен кездесуі өтті.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының негізгі мақсаты - жастардың азаматтық, әлеуметтік дербес тұлғалық қалыптасуын жүзеге асыру үшін қажет құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық жағдайларды жасау мен нығайту. Алға қойған мақсаттарды жүзеге асыру жастар саясатының бағыттарына басымдылық беруді көздейді. Осы бағыттарды жүзеге асыру мақсатында 15 қыркүйек күні «Назарбаевтану» ҒЗО тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Ровнякова И.В. университет белсенділерімен, факультеттердің жастар ісі жөніндегі комитет төрағаларымен, «Жас Отан» ЖҚ, «Ділмар» ПТ,  «Welcome» халықаралық клубы, «Шабыт» студенттік театры, «Grand» би клубы, еріктілер қозғалысы жетекшілерімен кездесті.

Кездесу барысында 2016-2017 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспары талқыланып, 2015-2016 оқу жылы қорытындыланды. Клуб жетекшілері өздерінің жеткен жетістіктерімен бөлісті.

Идеялық-тәрбие жұмысы жөніндегі маман

Аманжолова Н.

Қазақ
× You found a Typo