Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Оқу орнымыздың белсенді жастары Үміт балалар үйінде болып қайтты

Қайырымдылық – адамның бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Қайырымдылық мұқтаж жандардың қажетін өтеудегі ізгіліктің нақты көрінісі болып табылады. Сондықтан да əрбір жан иесі қайырымдылық істеріне араласып, мұқтаж жандарға қол ұшын беруі дұрыстың дұрысы.

Осы орайда, 22 сәуір күні оқу орнымыздың «Жас Отан» ЖҚ-ның белсенді жастары «Үміт» балалар үйінде болып қайтты.

Студенттер Балалар Үйі тәрбиеленушілерімен ойын, қызықты сайыстар ұйымдастырып, жеңімпаздарға азын-аулақ сыйлықтарын ұсынып демалыс күндерін ізгі іспен өткізді.

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың «Жас Отан» ЖҚ төрағасы Басбақбаев Қайыржан бұл күн жайлы мынандай ой айтты: «Жақсылық жасау барлығымыздың қолымыздан келеді, теңізге тамызған тамшыдай болса да үлкен іс тындырғандай көңілім шат болып отыр.

Іс-шараға қатысқан барлық жастарға, үлкен рақмет жасаған жақсылықтарыңыз еселеніп өздеріңізге келсін!». Елбасымыз айтқандай «Болашақ – жастардың қолында!».  Әр бір адам күн сайын бір жақсы іс жасаса өміріміз жақсылыққа өзгереді.

Идеялық тәрбие жұмысы жөніндегі маман

Аманжолова Н.

Қазақ

Tags:

× You found a Typo