- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
14-19 қараша аралығында сапа менеджменті, мониторинг және болжау бөлімі «Оқытушы студенттің көзқарасымен» атты online-сауалнама өткізді.
Online-сауалнамаға барлық мамандықтардың іштей оқу бөлімінің 1-4 курс студенттері және 1-2 оқу жылындағы магистранттар қатысты және сабақ беретін профессорлық оқытушылық құрамның оқу үрдісі сапасының деңгейі анықталды.
Оnline-сауалнамасының нәтижелері келесідей: С.Аманжолов атындағы ШҚМУ орташа бал – 8,18 балды құрады, оның ішінде «Жоғары деңгейді» – 198 оқытушы, «Жоғарыдан орташа деңгейді» – 59 оқытушы, «Орташа деңгейді» – 2 оқытушы, «Төмен деңгейді» – 6 оқытушы көрсетті. Студенттердің ойы бойынша ең үздік оқытушылар келесі оқытушылар болды: 1) Тантыбаева Батима Сматаевна – п.ғ.к. химия кафедрасының доценті. 2) Аменова Фарида Сейткумаровна – Phd докторы, математика кафедрасының аға оқытушысы. 3) Сидихменова Татьяна Ивановна – ф.ғ.к. журналистика және әлеуметтік-гуманитарлы ғылымдар кафедрасының доценті. 4) Мукажанова Жазира Бигалиевна – химия кафедрасының аға оқытушысы. 5) Павлов Александр Максимович – ф.-м.ғ.к. физика және технология кафедрасының профессоры. 6) Нугуманова Алия Багдатовна – Phd докторы, компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы.
Құттықтаймыз!
Ізгі ниетпен сапа менеджменті, мониторинг және болжау бөлімі