Олимпиада чемпионы, қазақстандық жеңілатлет, Еңбек сіңірген спорт шебері Ольга Рыпакова С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-де қонақта болды.
Танымал спортшы С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры М.Ә. Төлегенмен кездесу барысында спортшы студенттердің жеткен жетістіктеріне жоғары баға беріп, жаңа биіктерді бағындыруларына тілектес екенін жеткізді.
- Үлкен спортқа қадам, студенттік кезден басталады. Кезінде мен де студенттік спорттан бастағанмын. Алдыңызға мақсат қойыңыз, ол сізді үлкен жеңістерге әкеледі, - деді олимпиада чемпионы.
Ольга Рыпакова - ұзындыққа секіруден әлем чемпионы 2010 жыл, Азия ойындарында үш реттік секіруден үш дүркін чемпион, 2007 жылғы Таиланд жерінде өткен Универсиада үш реттік секіруден чемпион. Спортшы О. Рыпакова - Лондондағы олимпиада ойындарының жеңімпазы (2012), Пекиндегі олимпиада ойындарының күміс жүлдегері (2008), Рмо-де-Жанейроде өткен олимпиада ойындарының қола жүлдегері (2016).
ШҚМУ ректоры М.Ә. Төлеген кездесу естелігі ретінде спортшыға гүл шоқтарын сыйлады.
Мұрағат суреттерде: Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованы туған қаласы Өскеменде қарсы алу кезі
Баспасөз қызметі