Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Өлкетану мәселесіне арналған конференция ШҚМУ-да өтті

«Шығыс Қазақстанның өркениеттік феномені: өлкетанулық оқулар» ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына еліміздің белгілі археолог-ғалымдары – көптеген археологиялық экспедициялардың жетекшісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор З. Самашев пен тарих ғылымдарының докторы, профессор Ж. Таймағамбетов қатысты.

Қазақстан тарихы кафедрасы апталығының екінші күні конференция аясында пленарлық отырыс өтті, оған СД және ҒЖ жөніндегі проректор И. Ровнякова жетекшілік етті.

Конференцияда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде ШҚМУ ғалымдарының 5-7 сыныптарға арнап шығарған «Өлкетану. Шығыс Қазақстан облысы» оқулығы таныстырылды.

Осы басқосу барысында ғалымдар З. Самшев пен Ж. Таймағамбетов ШҚМУ-дың Абай медалімен марапаттады.

Секциялық отырыстарда «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Ұстаз – өзгерістер елшісі» республикалық жобасын іске асыру барысында «Туған жер. Туған ел. Туған глобал» облыстық конференциясының пікірталас алаңы ұйымдастырылды.

Секцияларда, сондай-ақ, «Өлкетанушылық ғылыми-зерттеу жұмыстары «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудың бөлшегі ретінде» семинары, «Білім саласындағы өлкетанушылық жұмыстың теориясы мен практикасы» дөңгелек үстелі өтті.

Мұнымен қоса, «Мектеп мұражайы өлкетанушылық құзіреттілікті дамытудың кеңістігі ретінде» семинар-тренингі, археологтар З. Самшев пен Ж. Таймағамбетовтің шеберлік сыныптары өткізілді.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo