Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Оңтүстік Корея профессоры ШҚМУ-да сабақ береді

22 тамызда Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетіне Пусан ұлттық университетінің (Оңтүстік Корея) профессоры Sang-Mae Lee мырза келді.

Іс-сапар «National Research Foundation of Korea»-ның еріктілік қызметіне негізделген. Sang-Mae Lee мырза техника ғылымдары саласындағы пәндерді жүргізіп, сонымен қатар, студенттерді ағылшын және кәріс тілдеріне үйретеді.

-С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың әлімдік білім кеңістігіне белсенді ықпалдасуы жалғасын табуда. Біз студенттеріміздің көптілді болып, заманның аяқ алысына ілесе алуына мүдделіміз. Университет миссиясын басшылыққа ала отырып, біз шетелдік ғалымдарды барынша тартудамыз, студенттермен қатар, профессор-оқытушылық құрамның да академиялық ұтқырлығын дамытудамыз. Корея профессорының келуі ШҚМУ студенттері үшін елеулі оқиғаға айналарына кәміл сенеміз, - дейді Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы Д.Сапарова.

Қазақстан мен Корея 1995 жылдың 16 мамырында мәдени ынтымақтастық жайлы келісімшартқа қол қойғанын еске сала кетейік. Аталмыш келісімшарт студенттер, оқытушылар және ғалымдармен алмасуды да қамтиды. Осы кезеңге дейін ШҚМУ талай мәрте өз студенттерін Джионгсанг ұлттық университетіне жіберген еді.

Студенттер мен жас ғалымдардың

ғылыми зерттеулерін

дамыту орталығы,

халықаралық ынтымақтастық бөлімі

Қазақ
× You found a Typo