Шет тілі және аударма ісі кафедрасының еріктісі, Пусан университетінің профессоры Ким Ми Хян (Корея) С. Аманжолов атындағы ШҚМУ оқытушылары мен студенттеріне токпокки тағамын дайындау бойынша шеберлік-сыныбын өткізді.
№9 оқу ғимаратында өткен сабақта кәрістің дәстүрлі токпокки тағамын үй жағдайында дайындау әдісі үйретілді.
Кәрістер осы күріштен жасалатын өте ащы тағамды ерекше мақтан тұтады. Оқытушы оны әзірлеудің қыр-сырын үйретіп, білгенімен бөлісті.
Баспасөз қызметі